үй Астанада Әскери қызметшілер елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Әскери қызметшілер елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

13
0

Онда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әртістері өнер көрсетті


                        Әскери қызметшілер елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Фото: Қорғаныс министрлігінен

Қарулы күштердің әскери қызметшілері елордадағы көрнекті инфрақұрылымдық нысандарды аралап, қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлады Elorda.info.

"Нұрлы жол" теміржол вокзалында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрінің музыканттары танымал әуендерді орындап, нәзік жандарға көктемнің басталуын бейнелейтін қызғалдақтар тарту етті.

Мерекелік атмосфера "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында да жалғасты. Онда Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің әртістері өнер көрсетті. Құрметті қарауыл ротасының дефилесі көрермендерді ерекше таң қалдырды.

Жиналғандар музыканттар мен солистерге ерекше қошемет көрсетті.

Источник: kaz.elorda.info