үй Астанада Әскерилер қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Әскерилер қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

18
0

Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары халық және патриоттық әуендерді, әскери марш және танымал хиттерді орындады


                        Әскерилер қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады

Елорданың халықаралық әуежайында және "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары мен құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері мерекелік концерттік бағдарламамен өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.

Үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары халық және патриоттық әуендерді, әскери марш және танымал хиттерді орындады. Олардың өнерін құрмет қарауыл ротасы сарбаздарының карабиндерімен дефиле толықтырды.

Батырға тән кейіптері, мінсіз сап элементтерін орындау кезіндегі қозғалыстың үйлесімділігі көрермендердің шынайы ықыласын тудырды.

Әскери қызметшілердің көпшілікке арналған осындай импровизацияланған шығармашылық кездесулері бірлікті арттырып, рухты нығайтады және белсенділікті шыңдайды.

Источник: kaz.elorda.info