үй Астанада Тұрғындарды кезекті қабылдау барысында 12 азаматтың өтініші қаралды – Ерлан Бекмурзаев

Тұрғындарды кезекті қабылдау барысында 12 азаматтың өтініші қаралды – Ерлан Бекмурзаев

12
0

Кездесу барысында үш тұрғынның мәселесі шешілгенін айтты


                        Тұрғындарды кезекті қабылдау барысында 12 азаматтың өтініші қаралды – Ерлан Бекмурзаев

Фото: Facebook Yerlan Bekmurzayev

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев тұрғындарды кезекті қабылдау барысы жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Қабылдау барысында тұрғындармен бірге мәселелерді шешудің ықтимал нұсқалары мен мерзімдерін талқыладық. Тиісті тапсырмалар беріліп, орындаушылар бекітілді. Сұрақтардың көп екенін және олардың барлығын жеке кездесу аясында бірден шешу қиын екенін түсінемін. Алайда үш тұрғынның мәселесі қолма-қол шешілді. Бірқатар мәселелерді егжей-тегжейлі талдап, тұрғындармен міндетті түрде хабарласамын, — деп жазды қала әкімінің орынбасары.

Источник: kaz.elorda.info