үй Қазақстан жаңалықтары 10 жылдан астам Күтуде: Астанада ұзақ мерзімді «Future home» аяқталды

10 жылдан астам Күтуде: Астанада ұзақ мерзімді «Future home» аяқталды

3
0

144 Awrora

10 жылдан астам Күтуде: Астанада ұзақ мерзімді «Future home» аяқталды

Фотосурет: Аstana akimdigi

Астанада құрылысы 11 жылға созылған тағы бір нысан аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлер саны 200-ге жуық отбасыны құрайды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында жазды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаттары ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыстар, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бүгін төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада баспаналы болады.

Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді.

Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында», — деп жазды елорда әкімі.

Источник: dknews.kz