147 Арман
Фотосурет: Yevgeniy Sambulov/CP
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, модельдері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ-ді қолданатын БАРЛЫҚ жеке және заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген БКМ-ді қайта бағдарламалау жөніндегі жұмыстарды аяқтауы қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2.0.2-ден басқа Хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары (ФДО) қолдауын тоқтатады!
Осыған дейін салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімі 2022 жылғы 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін ұзартылған болатын.
Источник: dknews.kz