үй Қазақстан жаңалықтары «Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті

«Ақ жол» партиясы Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті

0

Фото: ғаламтордан

«Ақ жол» демократиялық партиясы 19 наурызда өтетін Мәжіліс депутаттарын сайлауына кандидаттар тізімін бекітті. 

Алматы, NEGE. «Биылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы ерекше өтеді. Мемлекет басшысы бұл сайлаудың болатынын жарты жыл бұрын жариялады. Сондықтан бүкіл саяси күштерге, партияларға, оның ішінде біздің партиямызға дайындалуға толық мүмкіндік берілді», — деді «Ақ жол» демократиялық партиясының ХХІ құрылтайында саяси ұйым басшысы Азат Перуашев.

Құрылтай барысында Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы 54, ал мажоритарлық жүйе арқылы 24 адам кандидат ретінде бекітілді.

Сонымен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының атынан 174, ал мажоритарлық жүйемен 652 ұсынылатын болды.

Барлығы — 53 кандидат

Квота 30% (15,9) – 17 кандидат.

Источник: nege.kz

Exit mobile version