үй Қазақстан жаңалықтары Ақтөбе облысында бөлім басшысы мүгедектерден 1 200 000 теңге пара алған

Ақтөбе облысында бөлім басшысы мүгедектерден 1 200 000 теңге пара алған

16
0


                Ақтөбе облысында бөлім басшысы мүгедектерден 1 200 000 теңге пара алған

Фото: ғаламтордан

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Антикор. 

Алматы, NEGE. Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Источник: nege.kz