үй Қазақстан жаңалықтары Ақтауда шенділер кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан

Ақтауда шенділер кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан

20
0

297 rob

Ақтауда шенділер кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан

Фотосурет: АР

Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органы кәсіпкерлерге жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқан, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы өңірдегі кәсіпкерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке шағым келтірді. 

Қолданыстағы заң нормасына сәйкес жергілікті атқарушы орган жерді жалға беру мерзімін ұзартуы тиіс болған. Алайда, жауаптылар жер учаскелерін жалға беру мерзімін ұзартудан 3 ай бойы негізсіз бас тартып келген.  

Департамент Ақтау қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырды. Нәтижесінде, кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылып, жер телімін жалға беру мерзімі ұзартылды. 

Источник: dknews.kz