үй Қазақстан жаңалықтары Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

27
0

230 rob

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы энергокешенін газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңін аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

Бірінші кезеңге екі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы және «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді. Сонымен бірге, Батыс жылу кешені Автоматтандырылған газ тарату станциясына жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Автоматтандырылған газ тарату станциясын және жалғастырғыш құбырды (ТІР-04) іске қосуға арналған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин  «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

«Алматы ЖЭО үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл Мемлекет басшысының Алматы Жылу электр орталығын газға көшіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы алғашқы қадам. 2030 жылға дейін қаланың өнеркәсіптік және жеке секторлардағы нысандары газдандырылады. Тиісті жобалар қаланы дамыту бағдарламасында және Алматының жаңартылған Бас жоспарында қамтылған», — деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

Автоматтандырылған газ тарату станциясы 2-ші Жылу электр орталығын  табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған. Олардың өнімділігі  250 және 150 мың м3/сағ құрайды.

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самұрық-Қазына қоры, QazaqGaz ұлттық компанияcы мен Алматы қаласының әкімдігіне аталған жобаны жеделдетуді тапсырған болатын. Жалпы, еліміздің энергетика саласы, Алматы қаласының экологиясы, орта және шағын бизнесі үшін өте маңызды жоба деп айтсам қателеспеймін. Алматы қаласының индустриалдық аймағында орналасқан бизнес субъектілеріне үлкен көмек болады»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы Елжас Отыншиев.

Сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры мен  «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры арасындағы TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры Алматы Жылу электр орталығын ғана емес, сонымен бірге Алматы және Алматы облысының тұрғындарын да тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 9,6 км, өнімділігі-1000 мың м3/сағ.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша QazaqGaz мерзімінен бұрын Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады. Бұдан бөлек, Жылу электр орталығын газға көшіру жұмыстарының келесі кезеңіне өту үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының екінші желісін салуға кірісіп жатырмыз», – деді QazaqGaz басшысы.

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

Бұдан бөлек, «Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған  газ тарату станциясы «Алматы» индустриялық аймағында ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес-жобаларды іске асыру үшін газ жеткізуге мүмкіндік берді.

«Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған  газ тарату станциясының құрылысын 2016 жылы жеке мердігерлік ұйым жүргізген, бірақ сол күйі пайдалануға берілмеген. 2023 жылы «QazaqGaz «ҰК» АҚ  аталған олқылықты жойып, аталған станцияны өз қаражаты есебінен жаңғыртты. АГТС-тың өнімділігі 140 000 м3/сағ құрайды, оның ішінде станцияның  екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 000 м3 және индустриялық аймаққа сағатына 50 000 м3 газ таратады.

«Бүгінгі күн Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары үшін маңызды күн! Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасының аясында Алматы қаласының екінші жылу электр орталығына арналған автоматты газ тарату станциясы (АГРС «ТЭЦ-2») құрылысының аяқталуы барлығымызға ортақ сәтті қадам деп санаймын. Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру, облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып,  бірқатарын газбен қамтыйтын болады. Аталған жоба сонымен қатар  «G4 City» жобасы аясында салынатын қаланы газбен қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.

Алматы ЖЭО газға қалай ауысады

Атап өтерлігі, Алматы ЖЭО жаңғырту жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асыруда. QazaqGaz компаниясы газ инфрақұрылымын салумен айналысады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.

Источник: dknews.kz