234 rob
Фотосурет: Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі
Өскелең ұрпақтың білімін насихаттау және төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі құтқару тәсілдерін үйрету мақсатында Бостандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен Азаматтық қорғау саласындағы даярлау мен оқыту ұлттық ғылыми зерттеулер орталығымен бірлесіп орта34 білім беру мектептердің ТЖ министрлеріне треннинг өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Атап өту қажет, Алматыда мектеп парламенттері құрамында Төтенше жағдайлар министрлері жұмыс істейді. Олар орта мектеп оқушылары арасынан сайланады.
Акцияның мақсаты оқушылар мен оқытушылар арасындағы қауіпсіздік мәдениетіннің деңгейін арттыруға, сондай-ақ күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Тренинг барысында ТЖ министрлері мен жас құтқарушылар жер сілкінісінің сейсмосимуляторын бес-жеті баллдық шынайы тербелісті сынап көрді. Қаламыздағы жалғыз платформа оқу орталығында 2015 жылдан бері қолданылып келеді, максималды күш – тоғыз балл.
Источник: dknews.kz