Жол апаты Жетісу облысы Панфилов ауданында өтетін республикалық автожолдың 333 шақырымында болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі polisia.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, 29 жастағы Toyota Camry жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.
Оқиға орнында 25-27 жас аралығындағы екі ер адам қайтыс болды. Тағы үш зардап шеккен адам жақын орналасқан ауруханаға түрлі жарақаттармен жатқызылды.
Жол-көлік оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу басталды.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Источник: kaz.kazlenta.kz