үй Қазақстан жаңалықтары Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

0

Фото: ғаламтордан

 Алматы облысының тауларында 6-10 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Осыған орай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні жүруі мүмкін қарлы беткейге шықпауды, сондай-ақ, таулы жерде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.

«Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 көшкін қаупі бар учаске орналасқан. Негізінен қар көшкінінің жүруі температураның жоғарылауы және қар аралас жаңбыр түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады», — деп ескертті ведомство.

Источник: nege.kz

Exit mobile version