үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Алматыда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

4
0

160 rob

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Жарыс Алматыдағы десанттық-шабуылдау құрамасының базасында өтті. Оған Алматы, Қонаев және Талдықорған әскери-патриоттық клубтары қатысты. Олармен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері шефтік жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Іс-шара мерзімді қызмет әскери қызметшілерінің қоян-қолтық ұрысы бойынша көрсетілімдерімен басталды. Жарысқа қатысушыларға Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының кеңесшісі отставкадағы подполковник Кабир Наурушев құттықтау сөз сөйледі. Ол жігіттер өз елін сүйетін және оның тәуелсіздігін қорғай алатын нағыз патриот болып өсетініне сенім білдірді.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Команда мүшелеріне клуб басшылары мен нұсқаушылар үйреткеннің бәрін көрсету керек болды. Олар пневматикалық мылтықтан ату, автоматты бөлшектеу және құрастыру, жалпы әскери қорғаныс костюмін кию нормативін пысықтау бойынша жарысты. Ұлдар — тартылды, қыздар пресс жаттығуларын жасады.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қонаев гарнизоны әскери бөлімінің «Жас десантшы» командасы, екінші орынды Алматы десанттық-шабуылдау құрамасының «Түрксіб» командасы, үшінші орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету полкінің «Барыс» командасы иеленді.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Барлық пәндер бойынша ең жоғары нәтижелерді Талдықорған гарнизонының 18404 әскери бөлімінің командасы көрсетті. Олар жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

«Түрксіб» клубының тәрбиеленушісі Амина Заурова өткен жылдың желтоқсан айында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысына қабылданған. Сабақтардың арқасында ол салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ату мен спортта керемет нәтижелерге қол жеткізді.

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

Алматыда "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар іріктелді

— Біз Райымбек батыр атындағы десанттық-шабуылдау құрамасына күн сайын сабаққа келеміз. Нұсқаушылар бізге атыс қаруын бөлшектеуге және құрастыруға, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздеріне, жер бедерін бағдарлауға, парашютті жинауға және басқа да пәндерге үйретеді. Біздің жетістіктерімізді № 78 мектеп-гимназия мақтан тұтады, — деп бөлісті Амина.

Источник: dknews.kz