үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Алматыда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0

390 Awrora

Алматыда 462 бірлік техника және 340 жұмысшы қар тазалап жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

9 ақпан күні кешке Алматыда қар жауа бастады. Қалада 15 см қар, таулы жерлерде 20 см жауды. Коммуналдық қызмет түнгі сағат 1-ден кейін көшелерді тазалауға кірісті. 

Түнгі сағат 3-тен бастап жол полициясының патрульдік машиналарының ілесіп жүруімен қарды күреу бойынша 19 баған ұйымдастырылды.
Қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Таңғы 6-да 390 м3 шығарылды.

Көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. Таңғы сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 2380 тонна пайдаланылды.

Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерүсті өткелдерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Түнде 462 бірлік арнайы техника мен 339 жұмысшы жұмылдырылды.

Таңғы сағат 8-ден бастап 524 бірлік техника мен 1115 жұмысшы жұмыс істейді.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Синоптиктердің болжамынша, 10 ақпанда күндіз ауа температурасы -1…-3 градус аяз болады, жауын-шашын болмайды, кешке қарай аздап қар жаууы мүмкін.

 Жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге, арақашықтықты сақтауға және шұғыл бұрылмауға шақырамыз. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы. Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Источник: dknews.kz

Exit mobile version