үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда фильмнің түсіріліміне байланысты автобустардың бағыты уақытша өзгереді

Алматыда фильмнің түсіріліміне байланысты автобустардың бағыты уақытша өзгереді

0

Фото: ғаламтордан

9 ақпан күні сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін фильмнің түсіріліміне байланысты №22 және №80 маршрут сызбалары уақытша өзгертіледі, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. 

Алматы, NEGE. № 80 солтүстік бағытта – Манас к-сі – Шевченко к-сі – Әуезов к-сі – Гоголь к-сі — Байзақов к-сі әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта – Байзақов к-сі – Гоголь к-сі — Әуезов к-сі – Төле би к-сі –Байзақова к-сі әрі қарай сызба бойынша бағытталады. № 22 оңтүстік бағытта – Әуезов к-сі –Гоголь к-сі әрі қарай сызба бойынша, кері бағытта – Гоголь к-сі – Әуезов к-сі әрі қарай сызба бойынша жүреді. 

«Естеріңізге салайық, Алматыда көркем фильм түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм өндірісіне жауапты компания жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына ескертті және уақытша қолайсыздық үшін алматылықтардан алдын ала кешірім сұрайды», — делінген хабарламада. 

Источник: nege.kz

Exit mobile version