88 Арман
Фотосурет: © Sputnik / Тимур Батыршин
Алматыда жыл сайын жаңа жыл мерекесінде орта есеппен 11 өрт болады. Шамамен олардың 18%-ы пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбауға байланысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәселен, соңғы бес жылда 56 өрт болды, оның 10-ы пиротехникадан шыққан.
Пиротехниканы тек мамандандырылған дүкендерден сатып алу қажет. Өнімнің қаптамасы майыспаған немесе бүлінбегеніне көз жеткізу керек.
Сонымен қатар, жарамдылық мерзіміне назар аударып, нұсқаулықты мұқият оқып шыққан жөн!
Карточкада отшашуды қалай дұрыс пайдалану керектігін айтамыз.
Источник: dknews.kz