үй Қазақстан жаңалықтары Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

14
0


                Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Фото: ғаламтордан

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретіні белгілі болды, — деп хабарлайды Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Алматы, NEGE. 31 желтоқсанда қоғамдық көлік әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтарда жылжымалы бірліктің 50 пайызы жолға шығарылады. 2, 3 қаңтар күндері қоғамдық көлік мереке күнінің кестесімен жұмыс істейді, яғни автобустар мен троллейбустардың 70 пайызы қызмет көрсетеді.

№3 түнгі маршруттың жұмыс кестесі сағат 23:00 мен 06:00 аралығында болып өзгеріссіз қалады. Медеуге қатынайтын №12 маршрутта түнгі сағат 00:30-ға дейін 20 автобус автобус жүретін болады.

Метро штаттық режимде сағат 06:20-дан сағат 00:00-ге дейін мереке күнінің кестесімен 12-15 минуттық интервалмен жұмыс істейтін болады.

Источник: nege.kz