үй Қазақстан жаңалықтары Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғаны айтылды ...

Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғаны айтылды Кеше, 13:02

0

Қазақстандықтар 3,5 триллион теңге болатын зейнетақы жинағын баспана мен емделуге пайдаланды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар 3,5 триллион теңге болатын зейнетақы жинағын баспана мен емделуге пайдаланды. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басшысы Жанат Құрманов айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Төлемдердің негізгі бөлігі — тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін алынған. Соңғы екі жылда осы бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері осы мақсаттарға 3,5 триллион теңгеден аса қаражат төленді. Қазіргі ең төменгі жеткілікті шекті ескере отырып, адамдарда тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емдеу үшін тағы 600 миллиард теңге алуға мүмкіндік бар. Бірақ әркім өзі таңдау жасайды», — деді БЖЗҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, салымшылардың көпшілігі бұл опцияны бұрынғы жеткілікті шек болған кезде қолдануға тырысқан.

«Жинақтау белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, процесс тұрақталды. Қазір адамдар тұрмыс жағдайын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге айына шамамен 8-15 миллиард теңге жұмсайды», — деп қосты Құрманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version