үй Қазақстан жаңалықтары Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

20
0

333 rob

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөліміне әскерге шақырылған  300-ге жуық жас сарбаздың әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин, Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Асқар Байсалбаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Талпкер Әміреев және құқықтық тәртіп әскерлерінің ардагерлері қатысты.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

«Жеңіс» саябағында өткен айтулы шара даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Аймақ басшысы мемлекет қауіпсіздігін қорғау әрбір ер азаматтың өміріндегі маңызды сәт екенін баса айтып, сарбаздардың сын сағатта сыр бермей, Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқаратындығына сенім білдірді.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

— Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаудан артық міндет жоқ екенін атап өтті. Армия – мемлекеттің берік қорғаны. Елдің қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін әскер қатарына алынған әрбір азаматтың қадамдарының бірі – әскери ант қабылдау. Отан қорғаушы болу – өте абыройлы әрі жауапты іс. Сондықтан, әрбір әскери білім мен дағдыны табандылықпен меңгеру қажет. Ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Ұлттық Ұлан әскерінің басты борышы, — деген Ербол Қарашөкеев жас сарбаздардың елге қызмет етуде үлкен жетістікке жетуіне тілектестігін жеткізді.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Бұдан кейін, салтанатты жиынға қатысқан жергілікті атқарушы органдар мен әскери бөлім басшылығы, ата-аналар ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресми түрде ант қабылдаған жауынгерлерге жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Шара соңында жас сарбаздар дайындық мерзімінде алған машық-дағдыларын, қарумен және қарусыз игерген саптық амалдарын көрсетіп, көпшілік алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Айта кетейік, бұл күні 5513 әскери бөліміне Алматы, Жетісу, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларынан келген 292 сарбаз қосылды.

Ант берген сарбаздар алдағы уақытта қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлік міндеттерін орындауға кіріседі.

Источник: dknews.kz