үй Қазақстан жаңалықтары Қарағанды мектебінің информатика пәнінің жас мұғалімі халықаралық олимпиадада бірінші орын иеленді

Қарағанды мектебінің информатика пәнінің жас мұғалімі халықаралық олимпиадада бірінші орын иеленді

0

390 rob

Алматыда түрлі елдердің математика, физика, информатика мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары сайысқа түсті. Республикалық физика-математика мектебінде IMPACT Olympiad V Халықаралық ашық шығармашылық байқауының республикалық кезеңі өтті. Оған Қарағанды облысының педагогтары қатысып, лайықты өнер көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Бақтияр Рахымжан бірінші орынды иеленді. Ол өзі бағдарламашы болып жұмыс істегеннен соң балаларға осы бағытта білім беруді шешкен.

— Мен Қарағанды техникалық университетінің түлегімін. Оқуды бітіргеннен кейін төрт жыл елордада бағдарламашы болып жұмыс істедім. Түрлі стартап-жобаларды әзірледім. Өткен жылы Н. Нұрмақов атындағы мектепке жұмысқа орналастым. Маған балалармен жұмыс істеу өте ұнайды. Мен оларға өз білімімді жеткізгім келеді, жеке IT-жобаларды әзірлеуге үйреткім келеді, — дейді 27 жастағы мұғалім.

Орта мектеп оқушыларына арналған сабақтардан басқа, ол информатика және робототехника үйірмелерін жүргізеді.

Екі математика мұғалімі жүлдегер атанды: Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ Ақниет Ілиясов және Бұқар Жырау ауданындағы С.Торайғыров атындағы тірек мектебінен Ербол Нұрғанат. Олар үшінші орынға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Татарстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан 250-ден астам мұғалімдер мен жаттықтырушылар қатысты.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version