үй Қазақстан жаңалықтары Қарағанды облысында әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен кездесулер өтуде

Қарағанды облысында әскерге шақыру жасына дейінгі жастармен кездесулер өтуде

0

319 rob

Қорғаныс министрлігінің насихаттау-түсіндіру тобы Қарағанды облысындағы жұмысын бастады. Төрт күн ішінде ведомство өкілдері Қарағанды, Теміртау, Шахтинск және Абайдағы білім беру мекемелеріне барады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Насихаттау-түсіндіру тобының құрамында Тәрбие және идеологиялық жұмыстар, Әскери білім және ғылым, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменттерінің, Ұлттық әскери-патриоттық орталығы мен Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайдың  өкілдері бар.

Нұркен Әбдіров атындағы № 58 орта мектепте «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне ерлік сабағы өткізілді. Насихаттау-түсіндіру тобының жетекшісі полковник Бейсен Жақыпов пен «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев Отан қорғаушының маңызды және жауапты миссиясы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға буынның ерлігі және Қарулы күштердің қазіргі келбеті жайлы әңгімеледі.

№ 35 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесуде Әскери білім және ғылым департаментінің өкілі полковник Ерболат Әділбаев әскери қызметке шақыру және елдің әскери оқу орындарына түсу ережелерін егжей-тегжейлі айтып берді. Оқушыларға білім беру жеңілдіктері туралы ақпарат берілді. Мысалы, әскерде қызмет еткен жастарға запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орнына ҰБТ тапсырусыз түсу мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар, жауынгерлік даярлықта көрсеткен үздік көрсеткіштері мен үлгілі әскери тәртібі үшін қолбасшылықтың ұсынымын алған әскери қызметшілер жоғары оқу орны есебінен тегін оқи алады.

Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы келушілерге Қарулы күштердің құрылу тарихына, олардың жетістіктері мен перспективаларына арналған экспозицияны ашты. Мұнда әскери оқу орындарына және әскери қызметке түсу тәртібі туралы материалдармен үгіт-насихат пункті ұйымдастырылды. Шара соңы Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концертпен аяқталды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version