үй Қазақстан жаңалықтары Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

0

Фото: ғаламтордан

Қарағанды облысында пара алды деген күдікпен Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары, сондай-ақ сол әкімдіктің бөлім басшысы ұсталды.

Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев журналистермен брифинг барысында хабарлады. Айтуынша, әкім орынбасарымен қоса, бөлім басшысы да ұсталған. Белгілі болғанындай, шенеуніктер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілігіп отыр.

«Бөлім басшысы делдал қызметін атқарған. Олар кәсіпкерден атқарған қызметтері үшін 500 мың теңге алған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді Мұрат Төлеубаев.

Источник: nege.kz

Exit mobile version