үй Қазақстан жаңалықтары Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

21
0

556 rob

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

«Сарыарқа дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы Қарағанды индустриалды университетінің базасында мектеп оқушылары арасында республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Оған барлық облыстан қазақ, орыс және ағылшын лигаларының 48 командасы қатысты. Қарағанды мен Балқаштан келген пікірсайысшылар үздік атанды.

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Жарыстар американдық парламенттік пікірталас форматы (American Parliamentary Debate) бойынша өтті.

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орындарды:

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

— қазақ лигасында – «Мұрагер» ММЛИ «Жігер» командасы (Қарағанды қ.);

— орыс лигасында — № 1 орта мектебінің «Аристократтар» командасы (Балқаш қ.);

— ағылшын лигасында – «Зияткер» ММДИ «Зияткер» командасы (Балқаш қ.).

 «Ең үздік спикер» номинациясында балқаштық ойыншылар Сұлтан Мұрат (қазақ лигасы), Олег Вдовин (орыс лигасы) және Данил Огай (ағылшын лигасы) жеңімпаз атанды.

Турнирдің «Үздік спикері»: қазақ лигасында – Алина Мамитова (Қарағанды қ.), орыс лигасында – Даниил Тронин (Шахтинск қ.) және ағылшын лигасында – Айғаным Ерсін (Қарағанды қ.).

«Үздік оратор»: қазақ лигасында – Қарқаралы ауданынан Айдана Төлеген, орыс лигасында – Бұқар жырау ауданынан Афина Гунько және ағылшын лигасында – қарағандылық Аяулым Бұланова.

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

– «Мұрагер» ММЛИ пікірсайыс клубы 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Бізде үш лига бар – қазақ, орыс және ағылшын. Оларда 15 оқушы бар. Бұл облыстық турнирде 10-сынып оқушылары Әдемі Жақан мен Данат Шаншаров бірінші болды. Ондағы тақырыптар әртүрлі болды — мысалы, «Алып технологиялық компаниялардың патенттері (Google, Amazon, Facebook және т. б.)», «Референдумдар мен сайлауларды халықаралық ұйымдар өткізуі керек пе?», «Табиғи апаттарға бейім аймақтарға мемлекет көмегі» және басқалар. Ендігі мақсатымыз – облыс намысын қорғап, республикалық турнирде бірінші болу, – дейді «Жігер» командасының жетекшісі, «Мұрагер» мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бақытгүл Гайнуллинова.

Қарағандылықтар мен балқаштықтар облыстық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Бірінші орындарға ие болған командалар 16–17 ақпанда Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

Источник: dknews.kz