үй Қазақстан жаңалықтары Қаржы секторы үшін ESG қағидаттарын енгізу бойынша оқыту семинары өтті

Қаржы секторы үшін ESG қағидаттарын енгізу бойынша оқыту семинары өтті

20
0

202 rob

Қаржы секторы үшін ESG қағидаттарын енгізу бойынша оқыту семинары өтті

Фотосурет: pxhere.com

2023 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықаралық қаржы корпорациясымен (бұдан әрі – IFC) бірлесіп қаржы секторы үшін ESG қағидаттарын енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл семинар Агенттіктің ESG стандарттарын әзірлеу және оны қаржы нарықтарына енгізу саласындағы жетекші сарапшыларды тарта отырып өткізетін оқыту іс-шараларының кезегін ашады.

Семинарға 180-ден астам қатысушы – екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың, банктік емес қаржы ұйымдарының, аудиторлық және лизингтік компаниялардың және басқа да стейкхолдерлердің өкілдері қатысты.

Орнықты даму стандарттарын әзірлеу және енгізу, сондай-ақ ESG қағидаттары мен көміртегі ізінің деңгейін сақтауы тұрғысынан өз клиенттерінің қызметіне бағалау жүргізу саласында озық тәжірибесі бар IFC және Ernst&Young халықаралық сарапшылары шараның спикерлері болды. Оқыту шеңберінде қаржы ұйымдарының операциялық және қаржылық қызметіне әсер ететін ESG елеулі өлшемшарттарын айқындау тәсілдері бойынша ақпарат берілді.

Семинар шеңберінде сарапшылар ESG өлшемшарттары бойынша ақпаратты жария етудің ішкі (ресурстық және энергия тиімділігі, стратегиялық орнықтылық есебінен қаражатты үнемдеу, тәуекелдерді басқару процестерінің сенімділігін арттыру және т.б.) және сыртқы артықшылықтары (капиталға қол жеткізуді жеңілдету, инвесторлармен өзара іс-қимылды жақсарту, клиенттердің, қызметкерлер мен стейкхолдерлердің беделін арттыру, бәсекеге қабілеттілікті нығайту) бар екенін атап өтті.

Семинар барысында климаттың өзгеруімен күресте қаржы секторының ерекше рөлі белгіленді. Мысалы, банктер экономиканың нақты секторындағы компанияларға әсер ету (кредит беру арқылы) арқылы өз қызметін де, тұтастай алғанда экономиканы да көміртексіздендіруге айтарлықтай ықпал ете алады.

Сонымен қатар, аталған іс-шара аясында қаржы ұйымдарының өкілдері үшін алғаш рет Қаржы ұйымдары үшін ESG ақпаратын жария ету жөніндегі ұсынымдар жобасы таныстырылды.

Ұсынымдар жобасы орнықты және «жасыл» қаржыландыруды дамыту және Қазақстанда ESG стандарттарын әзірлеу мәселелері бойынша Агенттік пен IFC ынтымақтастығы шеңберінде әзірленді.

Бұл ұсынымдарды Қазақстанның қаржы нарығына 2023 жылдың 1-тоқсанында Агенттіктің ESG қағидаттарын енгізудің бірінші кезеңі шеңберінде енгізу жоспарлануда. Қаржы секторына жарияланатын жылдық есеп шеңберінде ESG тәуекелдеріне ұшырағыштық дәрежесі туралы ақпаратты ерікті негізде жария ету ұсынылатын болады.

Келесі кезеңдерде есептілікте ESG өлшемшарттары бойынша ақпаратты міндетті түрде жария етуге көшуді жүзеге асыру жоспарлануда.

Агенттік Төрағасының орынбасары Мария Хаджиева құттықтау сөз сөйлеп, Агенттіктің Қазақстанның қаржы нарығына ESG қағидаттарын енгізу жөніндегі жол картасы шеңберінде ESG тәуекелдерін басқару жөніндегі ұсынымдарды, ESG факторларын қадағалау процесіне енгізуді, климаттық тәуекелдерді стресс-тестілеуді қоса алғанда, орнықты қаржыландыру саласындағы бірқатар бастамаларды да іске асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

IFC өкілі Адалят Абдуманапова қаржы секторының сараптамалық әлеуетін арттыру үшін осындай іс-шараларды өткізіп тұрудың маңыздылығын атап өтті.

Источник: dknews.kz