үй Қазақстан жаңалықтары «Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

«Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

18
0

189 Awrora

«Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

Фотосурет: Gov

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің м.а. Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар, екінші деңгейдегі банктер, «AMANAT» партиясы өкілдерінің қатысуымен «AMANAT» партиясының фракциясы алаңында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырудың басталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

Өз сөзінде Е. Жамаубаев аталған жобаны елімізде кеңінен таратудың маңыздылығын атап өтті.

Мәселен, өткен жылы кейбір өңірлерде пилоттық жоба өткізілді. Еліміздің 65 мың тұрғыны қаржылық сауаттылық негіздерін оқыды.

Бүгінгі таңда, 9 мемлекеттік орган мен 11 екінші деңгейдегі банктер арасында алдағы 3 жылға арналған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

«Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

6 негізгі бағыт бойынша 25 іс-шараны қамтитын тиісті Жол картасы іске асырылуда.

Оқыту және ұйымдастыру іс-шараларынан басқа, несие беру және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама жетілдірілуде.

Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, «Қарызсыз қоғам» жобасының басшысы Бекмұрзаева Ақмарал және Мәжіліс депутаттары өз баяндамаларында бірқатар мәселерге тоқталып өтті.

«Қарызсыз қоғам»: Қазақстан Қаржылық сауаттылыққа деген көзқарасын өзгертуде

Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру маңыздылығына тоқталып, еліміздің барлық өңірлерінде «Қарызсыз қоғам» жобасының толыққанды іске асырылуын жариялады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне «AMANAT» партиясымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп «Жол картасы» іс-шараларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, жергілікті атқарушы органдардың жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын тапсырды.

Источник: dknews.kz