үй Қазақстан жаңалықтары Астанада LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады

Астанада LRT құрылысы келесі жылдың соңына дейін аяқталады

0

Фото: ғаламтордан

LRT жобасы келесі жылы аяқталады. Бұл туралы Хабар 24 арнасындағы «President» бағдарламасында елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, жерүсті метрополитенінің құрылысын аяқтау жұмысы өткен жылы басталған.

Енді қалған барлық шаруа келер жылдың соңында аяқталады.

«Өткен жылы Үкімет алғашқы қаржыны берді. Биыл бұл нысан құрылысы белсенді жүреді. Қазір жұмысты пысықтап, техника бойынша, осы ЛРТ-да жұмыс істейтін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жүріп жатыр. Жоба 2023-2024 жыл ішінде жүзеге асырылып, келесі жылдың соңына дейін іске қосылуы тиіс деп жоспарланған», — деді шаһар басшысы Жеңіс Қасымбек.

Источник: nege.kz

Exit mobile version