үй Қазақстан жаңалықтары Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін патшалықтың құрылған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін патшалықтың құрылған күнімен құттықтады

15
0

190 rob

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы королін патшалықтың құрылған күнімен құттықтады

Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.

Источник: dknews.kz