үй Қазақстан жаңалықтары Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды

Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды

7
0

334 rob

Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды

Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

 
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды

 
Биыл өңірімізде 7 спорттық кешен, 9 спортзал, 2 бассейн және 18 алаң іске қосылып, спорттық ғимараттар саны 1212-ні құрап отыр. Мемлекет басшысының балалар мен бұқаралық спортты айрықша дамыту туралы тапсырмасына сай спорт мектептерінде шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 1629-ға көбейген. Облыста 15550 бала мен жасөспірім жүйелі түрде спортпен тегін шұғылдануда.

Атырауда биыл 36 спорттық нысан іске қосылды

Облыста 8 балалар және жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары бар. Оның ішінде биылғы жылы Индер және Қызылқоға аудандарда жаңадан ашылды. Жаттығушылар саны  өткен жылы 6498 болса, биыл 814-ке көбейіп, 7312-ні құрап отыр. Спорттық клубтарда шұғылданушылар саны 633-ке көбейіп, 4276-ға жетті. Былтырғымен салыстырғанда волейболда 117, баскетболда 30, су спорт түрлерінде 496 бала қосымша секцияларға алынды Жасұлан Бисембиев

Оның айтуынша, өңірімізде дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 663 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 60-қа артып отыр. Биыл дене шынықтыру және спорт мамандағы бойынша облысықа 40 грант бөлінген.
Сондай-ақ облыс спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 800 медальге, оның ішінде 220 алтын, 285 күміс, 295 қолаға ие болып отыр.
Оған қоса «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын 6 спортшы, «Қазақстан Республикасына спорт шебері» атағын 57 спортшы, «Спорт шеберлігіне үміткер» атағын 256  спортшы иеленді.
 
Ж.Бисембиев биыл тұңғыш рет ұлттық спорт аударыспақтан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаудан спорт шеберлігіне үміткерлер және керлинг пен голболдан ел Кубогінің жүлдегерлері дайындалып шыққанын айтты.

— Қазақ қыздары арасында биыл тұңғыш рет атыраулық дзюдошы қыз Абиба Абужақынова әлем чемпинатының жүлдегері және халықаралық «Гранд Слам» турнирлерінің жүлдегері атанып, олимпиада ойындарына қатысуға үміткер ретінде жоғары ұпайлар жинады. Ал жас  шахматшы Зарина Нұрғалиева 72 елден жиналған 96 шахматшының арасында әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Командалық спорт түрлері бойынша ел чемпионаттарында Атыраудың волейбол командасы мен өрт-сөндіру құтқару командасы алтын жүлде, баскетбол командасы күміс жүлде, футзал, хоккей, су добы және көкпар командалары қола жүлделерге ие болды. Атырау волейбол командасы ел кубогінің жеңімпазы атанса, баскетбол командасы күміс жүлдені иемденді, деді ол.

Источник: dknews.kz