377 Awrora
Фотосурет: freepik
Ауа-райының нашарлауына байланысты 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін автожолдардан 912 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 602 шетел азаматы және 31 бала. Өткен тәулікте 193 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
7-9 ақпан аралығында ауа-райының нашарлауына байланысты 161 адам оның ішінде 17 бала, 7 жүкті әйел, 6 шетел азаматы құтқарылды.
Адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 102 техника, 290 адам тартылды.
Қазіргі таңда облыстың жылыту пункттерінде 938 адам бар. Жолаушылар азық-түлікпен қамтамасыз етілген.
ТЖД және 20982 әскери бөлімінің күшімен азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жолда тұрып қалған техника орнына волонтерлерді тасымалдау ұйымдастырылды.
Источник: dknews.kz