362 rob
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі
«Қауіпсіздік саудасы» республикалық акциясы аясында елордалық Төтенше жағдайлар департаменті «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
«Бұл акция Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде Астанада өтуде. Бүгін ТЖД бөлімшелері сауда ойын-сауық орталығында шартты өртті сөндіруді пысықтады. Сондай-ақ біз мұнда өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, өйткені бизнес нысандары — бұл көп адам жиналатын орындар, ал әрбір адамның өмірі біз үшін құнды. Бұл жұмыс тұрақты негізде жүзеге асырылуда, өйткені қалада 200-ге жуық ірі бизнес нысандары – ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері бар», — деді елордалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Ажар Рүстемова.
Сондай-ақ оның айтуынша, елордалық ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін қалалық жатақханаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізуде.
Источник: dknews.kz