үй Қазақстан жаңалықтары Қазақ хореография академиясына іріктеу: жас таланттар үшін мүмкіндік

Қазақ хореография академиясына іріктеу: жас таланттар үшін мүмкіндік

7
0

158 Awrora

Қазақ хореография академиясына іріктеу: жас таланттар үшін мүмкіндік

Фотосурет: Gov

Қазақ ұлттық хореография академиясына оқуға қабылданатын балалар үшін іріктеу басталады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақ ұлттық хореография академиясы 4-5 сыныпқа балаларды қабылдау үшін  іріктеу басталғанын хабарлайды. Құжат тапсыруға еліміздің түкпір-түкпірінен 9-11 жастағы балалар қатысады. 

2024 жылдың 12 ақпаны мен 24 сәуірі аралығында барлық облыс орталықтарында алдын ала іріктеу кезеңі өтеді. Іріктеу өткізілетін күн, уақыт және орын туралы ақпарат Академияның balletacademy_kz әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында орналастырылады.

Жолдама алған балалар үшін қабылдау емтихандары 2024 жылдың маусым-шілде айларында өтеді.

4-сынып оқушылары хореографиялық өнер бойынша бейіндік даярлығы бар өнер саласындағы мамандандырылған мектепте дәріс алады. Ал 5-сыныпқа қабылданған балалар – кәсіптік білім беретін мектеп-колледжінде «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша оқиды. Оқу кезеңі — 7 жыл 10 ай.

Академияның білім алушылары соңғы үш жыл ішінде 54 халықаралық байқауға қатысып, 100-ден аса марапатқа ие болды.

Хореография академиясының колледжінде 2017 жылдан бастап «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша 100 адам, «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі бойынша 74 адам білім алды.

Академия түлектері отандық театр әртістерінің қатарын толықтырды. Олардың қатарында «Астана балет» және «Астана Опера» театрларының жетекші балет әртістері Шұғыла Әдепхан, Сұлтанбек Ғұмар, Рустам Чахалов, Сафия Әділханова, сондай-ақ халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, Ұмай ұлттық сыйлығының «Жыл жаңалығы» және «Үздік балет орындаушысы» номинацияларының иегерлері бар.

Источник: dknews.kz