үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз ету жолында: «Қаламқас-теңіз және Хазар»жобасы

Қазақстан энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз ету жолында: «Қаламқас-теңіз және Хазар»жобасы

12
0

205 rob

Қазақстан энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз ету жолында: "Қаламқас-теңіз және Хазар"жобасы

Фотосурет: ҚР ЭМ

2024 жылғы 21 ақпанда Энергетика вице-министрі А. Хасенов пен Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ж. Қарағаев отандық тауар өндірушілердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен Қаламқас-Теңіз және Хазар ірі теңіз жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құны шамамен 6 миллиард долларды құрайтын жоба Энергетика министрлігінің күрделі жобаларға реттеуші және фискалдық артықшылықтарды қамтамасыз ететін Жетілдірілген үлгілік келісімшарт тетігін енгізу бойынша реформасының арқасында жұмысын бастады. «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС (жоба операторы)жобаның қазіргі кезеңіне шолу жасап және қазақстандық өндірушілер үшін әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетті.

А. Хасенов бүгінгі кездесу ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен компания басшылығымен кездесудің жалғасы және отандық кәсіпорындардың кең тобының осы жобамен алғашқы танысуы екенін атап өтті. Ағымдағы жылдың сәуір айында отандық бизнеске сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) импортты алмастыру жоспарларын көрсету үшін ірі мұнай-газ жобаларының, соның ішінде Қаламқас/Хазар жобасының ашық есік күндерін өткізу жоспарлануда. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп, қазақстандық бизнес өкілдері арасында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді әлеуетті жеткізушілер қатарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Міндеттер айқындалды – бұл кен орындарын игеруді уақтылы аяқтау және қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барынша тарта отырып, 2028-2029 жылдары мұнай өндіруді бастауды қамтамасыз ету.

Источник: dknews.kz