үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан мен Канада өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды жақтайды

Қазақстан мен Канада өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды жақтайды

29
0

239 Awrora

Қазақстан мен Канада өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды жақтайды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Канаданың Қазақстандағы Елшісі Алан Хэмсонды қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты көпжоспарлы ынтымақтастықты дамыту бойынша мәселелердің кең ауқымын қарастырды.

Қазақстан мен Канада өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды жақтайды

Канада Қазақстандағы ең ірі 15 шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді. 2005 жылдан бері Канададан Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ долларын құрады. Екіжақты сауданың өсу қарқыны байқалады. Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 836,6 млн АҚШ долларын құрап, бұған дейінгі жылмен салыстырғанда 68,8 пайызға артық болды.

Қазақстан мен Канада өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды жақтайды

Инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың елеулі әлеуетін ашуда сұхбаттастар екі елдің бизнес өкілдері үшін қолайлы жағдайды одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мәдени-білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер қарастырылды.

Источник: dknews.kz