212 rob
Фотосурет: ҚР СІМ
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Малайзия Сыртқы істер министрлігі Бас хатшысының орынбасары Ахмад Розианның төрағалығымен Қазақстан-Малайзия саяси консультацияларының үшінші раунды өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға ортақ ниеттерін растады.
Жоғары және биік деңгейлердегі екіжақты сапарларды ұйымдастырудың және екі елдің парламенттік «достық топтары» деңгейінде қолдау тауып отырған парламентаралық диалогты нығайтудың маңыздылығы аталды.
Көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылып, Малайзия негізін қалаушылардың бірі АСЕАН-мен байланыстарды, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және т.б. алаңдардың шеңберіндегі белсенді өзара іс-қимылды дамытудың перспективалары талқыланды.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар сыртқы саяси ведомстволар арасындағы тығыз диалогты жалғастыруға келісіп, екіжақты консультацияларды тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап өтті.
Источник: dknews.kz