үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

8
0

306 rob

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөз жүргізді. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы қарсаңында өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қырғызстан – еліміздің стратегиялық әріптесі және бауырлас мемлекет.

«Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігерінің арқасында бүгінде қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шықты» Әлихан Смайылов

Сонымен қатар Үкімет басшысы елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Былтырғы тек 11 айда өзара сауда 12%-ға өсіп, $1,3 млрд-қа жетті. Оған қоса Қазақстан мен Қырғызстан арадағы тауар айналымының көлемін $2 млрд-қа жеткізу жұмысын жалғастыруда.

«Бұған Үкіметаралық кеңес және Өңіраралық ынтымақтастық форумы сияқты екіжақты ынтымақтастық тетіктерінің тиімді жұмысы ықпал етуде. Қазақстан Үкіметі әрі қарай да барлық бағыт бойынша қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігін қолдауға дайын» Әлихан Смайылов

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Өз кезегінде Ақылбек Жапаров Қырғызстан мен Қазақстанның қазіргі қарым-қатынасы арадағы саяси диалогтың жоғары деңгейінің дәлелі екенін атап өтті.

«Жыл сайын өзара сауда-саттық пен инвестициялар көлемі артып, іскерлік, ғылыми және мәдени байланыстар жандануда. Үкіметаралық кеңес аясында қырғыз-қазақ ынтымақтастығының ортақ стратегиялық мақсаттары, тұжырымдамалық тәсілдері мен ұзақ мерзімді даму бағыттары талқыланып жатыр. Екі ел арасындағы белсенді өзара іс-қимыл түрлі алаңдарда жүзеге асуда» Ақылбек Жапаров

Ақылбек Жапаров қырғыз тарапының өзара сенім мен түсіністікке негізделген Қазақстанмен арадағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Кездесу барысында үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде сауда-экономикалық және мұнай-газ салаларындағы мәселелердің кең ауқымын қарастырды.

Қазақстан мен Қырғызстан: су ресурстары және сауда-экономикалық ынтымақтастық

Сонымен қатар тараптар қысқа мерзімде қазақ-қырғыз шекарасында жүк көлігі үшін қосымша өткізу бекетін ашу мәселесін пысықтауға, сондай-ақ су-энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге келісті.

Источник: dknews.kz