үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

21
0

165 rob

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Қазіргі уақытта Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт учаскеде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда Қазақстан ТЖМ құтқарушылары төрт адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 13  адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Газиантеп қаласы бірінші эшелонның жұмыс жүргізу ауданы болып белгіленді. Мұнда жұмыстар тәулік бойы екі ауысымда үш учаскеде жүргізілуде.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Құтқарушылардың бірінші тобы тоғыз қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған, кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жерде үйінділердің астынан 4 адам құтқарылды, 4 қаза тапқан әйелдің денесі шығарылды. Жұмыстар Түркия құтқарушыларымен бірлесіп жүргізілуде. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері запдап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетуде.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Құтқарушылардың екінші тобы алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат ішінара қираған, апатты, қирау динамикасы байқалады, тұрақсыз құрылымдарға байланысты ғимараттардың толық қирау қаупі бар. Кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде, қайтыс болған 5 әйелдің денесі шығарылды. Жұмыстар Түркия құтқарушыларымен бірлесіп жүргізілуде.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Үшінші топ та алты қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде, қайтыс болған әйелдің денесі шығарылды.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Құтқарушылардың төртінші тобы Газиантеп қаласынан 69 шақырым жерде орналасқан Нурдагы елді мекеніндегі жеті қабатты ғимаратта жұмыс жүргізуде. Ғимарат толығымен қираған. Кинологиялық есептоптар барлау және үйінділердің арасынан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Хатай елді мекеніне құтқарушылар тобы және кинологиялық есептоптар жіберілді. Іздеу объектісі — толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Қазіргі уақытта осы объектіде үйіндінің астынан қайтыс болған үш адамның денесі шығарылды, оның бірі – Қазақстан азаматы, екеуі – Түркия азаматы.

Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Источник: dknews.kz