363 Арман
Жеңімпаз болып «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-нен құралған консорциум танылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
2022 жылғы 23 желтоқсанда мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізілді. Онлайн сауда «gosreestr.kz» электрондық сауда-алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар 5G технологиясына арналған 3700-3800 МГЦ (100 МГЦ) радиожиілік жолақтары бойынша бәсекеге түсті.
Аукционның алғашқы бағасы 1 761 225 000 теңгеден басталды.
Жеңімпаз ретінде «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-нен құралған консорциум танылды. Олар рекордтық сома — 93,399 млрд теңге ұсынып, жеңіске жетті.
Онлайн сауда-саттық, аукционның ашық өтуіне септігін тигізе отырып, қатысушылардың арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастырды. Аукцион талаптарына сәйкес келетін ұйымдар ашық онлайн саудаға қатыса алды.
Аукционның екі лотының (№1 Лот және №2 Лот) қорытындысы бойынша қорытынды сома 156,069,425,590 теңгені құрайтынын атап өту маңызды, ол 5G технологиясын дамыту үшін республикалық бюджетке жіберілетін болады.
Сондай-ақ, 5G технологиясы мемлекет пен бизнес үшін интернет-сервистерді дамытудың артықшылықтарына ие және «Қолжетімді интернет» жаңа ұлттық жобасы шеңберінде телекоммуникация саласын дамытуға мүмкіндік береді, оның бір бөлігі:
- талшықты-оптикалық байланыс желілерін шамамен 3000 ауылға жеткізу
- республикалық және негізгі облыстық жолдар бойында оптика төсеу
- АМС (Антенна діңгектік құрылым) құрылысы және шалғайдағы ауылдарға электр энергиясын жеткізу
Источник: dknews.kz