үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

17
0

327 rob

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

Фотосурет: ҚР ЕХӘҚМ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Еуроазияттық энергетикалық корпорация» АҚ-ның еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Ол 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы және ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істеген адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда енгізілген арнаулы әлеуметтік төлем туралы айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

Светлана Жақыпова өткен жылдың соңында Үкіметтің қаулысымен 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бекітілгенін хабарлады.

Құжат тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғауды басқарудың ұлттық жүйесін жаңғыртуды, кәсіптік тәуекелдерді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыруды, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамытуды, еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруды көздейді.

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

Тұжырымдаманы іске асыру өндірістік жарақаттану деңгейін, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар санын азайтуға және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарының санын азайтуға ықпал ететін болады.

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

«Қазіргі уақытта Кәсіпорындардың цифрлық картасы құрылды, ол 2024 жылғы 1 шілдеден бастап нақты уақыт режимінде еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мониторинг үшін мәліметтерді мемлекеттік еңбек инспекторларымен қатар кәсіподақтар да енгізетін болады. Олар үшін кәсіпорындар картасында жеке жұмыс орны құрылады.

Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі: жаңа стратегиялар мен тәсілдер

Барлық бизнес-процестер автоматтандырылады. Бұл жұмыс орнын бағалау, жеке қорғаныш құралдарын және басқа кепілдіктерді ұсыну, барлық деңгейдегі еңбекті қорғау туралы білімді тексеру.

Нәтижесінде өндірістік жарақаттану көрсеткіштерінің төмендеуі күтіледі», – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, еңбек ұжымымен кездесу барысында Светлана Жақыпова ұзақ уақыт бойы еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін адамдар үшін арнаулы әлеуметтік төлемдер тағайындау шарттары туралы жан-жақты айтып берді.

«55 жасқа толу және БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы міндетті шарттар болып табылады. Төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Арнаулы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанға дейін арнаулы әлеуметтік төлемдер алады», – деді Светлана Жақыпова.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректері бойынша арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер, 2030 жылы – 58 мыңнан астам, 2035 жылы – 95 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады. Осылайша, әлеуетті төлем алушылар саны жыл сайын ұлғаяды.

Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы арнаулы әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Бұл ретте жыл сайын арнаулы әлеуметтік төлем мөлшері ең төмен күнкөріс мөлшерінің ұлғаюына байланысты өседі. Алдын ала есептеулер бойынша 2030 жылы төлемнің орташа мөлшері 339 мың теңгені, ал 2035 жылы – 519 мың теңгені құрайды.

Еңбекмині басшысының айтуынша, осы жылғы 8 ақпандағы жағдай бойынша республика бойынша 1 156 алушыға 244,9 млн теңге сомасына 2 661 төлем жүзеге асырылды. Оның ішінде Павлодар облысы бойынша 82 алушыға 17,6 млн теңге сомасына 180 төлем жүргізілді.

Кездесу соңында Светлана Жақыпова кәсіпорын қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: dknews.kz