үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

19
0

137 Арман

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Ұялы байланыс нарығында, оның ішінде аукциондық сауда-саттық арқылы бәсекелестікті дамыту жобасын БҚДА негізгі тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы бастамашылық етті. Осылайша, Жол картасы бойынша іс-шараларды іске асыру барысында байланыстың жаңа түрлері мен технологияларын ұйымдастыру үшін радиожиіліктерді бөлудің байқаусыз тәртібі жойылды. Шектеулі радиожиілік спектрін тиімді және ашық бөлу үшін БҚДА көпраундты синхронды және екіжақты аукцион форматын қарастырып, жоғары сұранысқа ие 694-790 МГц жиіліктерді жекелеген лоттарға бөлу арқылы аукцион лоттарының санын көбейту мен бастапқы бағасының деңгейін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Өткен аукционды қорытындылай келе, БҚДА өз тарапынан радиожиілік спектрін конкурс өткізіп бөлу — мемлекеттің шектеулі ресурсына қолжеткізу ісінде тең жағдай ұсынылды деп санайды.

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Конкурстың арқасында елімізде 5G инфрақұрылымын енгізу бойынша жұмыс басталды, ал мемлекеттік бюджет 156 млрд теңге көлемінде сомамен толықты.

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Сонымен қатар, 5G жиіліктерін бөлу бойынша соңғы аукционның қорытындысында жиіліктер Қазақтелеком компаниялар тобына берілді. Ал бұл ұялы байланыс нарығын монополиялауды күшейтіп, нарықта жаңа ұялы байланыс операторының пайда болуына және 5G инфрақұрылымына жеке инвестициялардың құйылуына кедергі болды.

Қазақстандағы ұялы байланыс нарығын монополиялау: 5G жиіліктері Қазақтелекомға берілді

Сондықтан Агенттік байланыс саласындағы уәкілетті органның 5G жаңа жиіліктерін тезірек «босатып», оларға осы жиіліктерді алған компаниялардың қатысуын шектей отыра, жаңа байқау ұйымдастыру қажеттілігі туралы ұстанымын қолдайды. Нарықты монополиядан арылту және конкурсты ұйымдастыру бойынша БҚДА қажетті ұсыныстар берді.

Источник: dknews.kz