үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

6
0

245 rob

Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форум өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, «Атамекен» ҰКП мен Еуропалық білім сапасына кепілдік беру тізілімінің (EQAR) өкілдері қатысты.

Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

Форум аясында 3 тақырыптық сессия өтті: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ішкі сапасын қамтамасыз етуінің тюнингі», «Ғылыми кадрларды дайындауды жақсарту», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту».

Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек форумды құттықтау сөзімен ашып, алдағы онжылдықта дағдыларға басты назар аударылатынын, ал жаңа әдістер болашақтың негізгі құзыреттерін бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Академиялық және жеке өсуге ықпал ететін біртұтас білім беру білім алушылардың жетістігі үшін өте маңызды болады.

Қазақстандағы жоғары білім сапасы: даму жоспарлары мен болашағы

«Жоғары білім әлемі сапаны қамтамасыз ету саласы сияқты тұрақты қозғалыста. Жаңа тенденциялар пайда болған сайын, оқу орындары икемді болып қалуы керек, олардың сапаны бақылау тетіктері сенімді, өзекті және қазіргі студенттердің қажеттіліктерін шынымен көрсететіндей бейімделуі керек. Қазір жоғары білім берудегі басты назар қазіргі еңбек нарығына бейімделген білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Жоғары оқу орнының сапасы дәл осы өлшеммен бағаланады. Егер еңбек нарығы сіздің өнімдеріңізді, яғни түлектеріңізді ұнатса, олар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие білім мен дағдылар жиынтығына ие болса, бұл университет ішінде дұрыс құрылған жүйе. Осы міндетті іске асыру үшін биыл пилоттық режимде студенттердің еңбек нарығының талаптары бойынша дағдыларын жаңадан ерте бағалау іске қосылады» Саясат Нұрбек

Бірінші сессияда Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сапаның ішкі қамтамасыз ету жүйесінің жағдайын зерттеу, ЖОО-ның ішкі үдерістерін құрылымдау, Astana IT University тәжірибесінде ЖОО-ның ішкі үдерістерін регламенттеу бойынша ғылыми жобасының бірінші нәтижелері ұсынылды.

«Ғылыми кадрларды дайындауды жақсарту» тақырыптық сессия аясында спикерлер докторанттарды отандық және шетелдік ЖОО-ларда дарярлау тәжірибесімен, докторлық диссертацияларды сараптау және рецензиялау бойынша ұсыныстармен, қазақстандық ғылыми журналдарды дамыту стратегиясымен бөлісті, қазақстандық авторларының шетелдік басылымдағы мақалаларының ретракциясы туралы проблеманы көрсетті.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту» тақырыптық сессиясында спикерлер «жаңа парақтан» жаңа реттеу саясатын ендіру, мемлекеттік бақылауды өткізудің жаңа тәсілдері, КВТ-ны дамыту, «EPVO» АЖ жұмыс жасау ерекшеліктеріне тоқталды. ӘАОО-да оқыту процесін ұйымдастыру және медицина кадрларын даярлауда білім беру қызметін лицензиялау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Форумның пленарлық сессиясында Комитеттің қазақстандық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары ұсынылды. Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін құру моделі мен принциптеріне және жоғары білім сапасын арттырудағы жасанды интеллекттің рөліне ерекше назар аударылады.

«Атамекен» ҰКП-ның Адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры 19 критерий бойынша бағаланған 95 жоғары оқу орнының 2000 білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысын ұсынды, олардың ішінде: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапа көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының жетістіктері, мазмұнын бағалау және жалпы көрсеткіштер.

Ұлттық рейтинг жоғары оқу орындарының сапасын арттыруда ерекше рөл атқарады. Сондықтан Форумның назарында академиялық рейтингтер құрудың халықаралық практикасы және отандық жоғары білім беру жүйесінде ұлттық рейтингті қалыптастыру әдіснамасы мәселелері болды.

Форум жұмысына EQAR президенті Стефан Левик мырза қатысты. Ол еуропалық және қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі проблемалардың ортақтығын, сондай-ақ аккредиттеу органдарының EQAR-ға кіруінің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Источник: dknews.kz