118 Арман
Мемлекет басшысымен 2022 жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
«Саяси партиялар туралы» Заңда саяси партиялар құру рәсімін оңайлату көзделген:
- азаматтардың бастамашы тобының ең аз саны 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарды;
- құрылтай съезін өткізу мерзімі 2 айдан 3 айға дейін ұзартылды;
- партия мүшеснің тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендетілді;
- өңірлік өкілдіктердің ең аз саны 600 ден 200 адамға дейін азайтылды;
- партия филиалдарын (өкілдіктерін) қалыптастыру мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылды.
Бұл ретте «Саяси партиялар туралы» Заңның 8-бабында саяси партияларда болмауға және қандай да бір саяси партияны қолдауға тиіс адамдар тобы кеңейтілді.
Енді қолданыстағы шектеулерден басқа (кәмелетке толмағандар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және судьялар) саяси партиялардың мүшелері Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, арнаулы мемлекеттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлері бола алмайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
«Саяси партиялар туралы» Заңға аталған өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 18 қарашадан бастап күшіне енді.
2022 жылғы 14 шілдеде «электрондық үкімет» порталы арқылы коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеуді электрондық форматқа көшіру бөлігінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға түзетулер қабылданды.
Бұл азаматтарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ (Халыққа қызмет көрсету орталығы) құрылымдық бөлімшелеріне жүгінбей, саяси партиялар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, коммерциялық ұйымдарды тіркеуге құжаттарды «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оларды көрсету бойынша бизнес-процесті айтарлықтай жеңілдетеді.
2022 жылы заңды тұлғалар тіркеу саласында 1 065 523 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды форматта 969 775, оның ішінде ақпараттық қызметтерге 920 257 келеді.
Бұдан басқа, 2022 жылы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) кезінде бенефициарлық меншік иелерін міндетті түрде көрсету бөлігінде түзетулер қабылданды.
Источник: dknews.kz