үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандық мұнайшы Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды ...

Қазақстандық мұнайшы Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды Кеше, 08:56

25
0

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары — экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, — деп хабарлайды

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Қазақстандық мұнайшы Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды
                Кеше, 08:56

Фото:kmg.kz

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары — экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 30 қаңтарында халықаралық сарапшы Жақып Марабаевпен консультациялық қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылған.

Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі ретінде ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту бойынша кеңес беретіні хабарланды.

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында Жақып Марабаевтың тәжірибелі менеджер, Қазақстанның және Еуразиялық аймақтың мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарда 40 жылдан аса тәжірибесі бар кәсіби маман екені атап көрсетілген.

Жақып Марабаев Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын және Мәскеу мемлекеттік басқару университетін бітірген.

Әр жылдары «ҚазМұнайГазда» жұмыс істеген, соңғы лауазымы — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz