үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

24
0

391 Awrora

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Фотосурет: Gov

Астанада жабық кешенде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бұл турнир біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет өтті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ал спортшылар лайықты өнер көрсетіп, ел үмітін ақтады.

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, оның 6- алтын, 3-күміс және 3- қола.

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Әйелдер құрамасы биіктікке секіру бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Желаяқтарымыз да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

4 метрден 400 метрге дейінгі эстафетада Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары жеңімпаз атанса, сол қашықтықтағы жалғыз әйелдер жарысында Элина Михина бірінші келді. Дэвид Ефремов болса кедергілермен 60 метрді, ал Каролин Кипкируи 3000 метрді бірінші еңсеріп Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

«Спортшыларымыздың бұл жетістіктері Қазақстанға медальдық есеп қорытындысы бойынша 2 орын биігінен көрінуге мүмкіндік берді. 1- орында Жапония құрамасы, ал Катар командасы үздік үштікті түйіндеді. Мен спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймын. Дәл осындай жарқын жеңістер жас спортшылар үшін керемет мотивация әрі елімізде жеңіл атлетиканың дұрыс бағытта келе жатқанының көрсеткіші деп білемін. Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді. Иран біріншілігінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін тілейміз» Асхат Оралов

Источник: dknews.kz