үй Қазақстан жаңалықтары Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

13
0

302 rob

Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қарулы күштерінің тоғызыншы бітімгерлік контингенті «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріндегі» (БҰҰЛУК) миссиясын аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілер алты ай ішінде «Шығыс» секторында Үнді бітімгерлік батальонының құрамында тапсырмаларды орындады. Жауапкершілік аймақтарында жаяу, мобильді және әуе патрульдерін жүргізіп, тосқауыл бекеттерінің жұмысын ұйымдастырды, бітімгерлік базасын күзетіп, бейбіт келісімдердің сақталуын қамтамасыз етті.

Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

Бітімгерлерді ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының орынбасары – штаб бастығы полковник Бақытжан Жетпісов бастаған әскери қызметшілер, сондай-ақ туыстары мен жақындары қарсы алды.

Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

Қазақстаннан келген бітімгерлер БҰҰ ның Ливандағы миссиясын сәтті орындады

 – Өңірдегі қиын жағдайға қарамастан, бөлімшенің әскери қызметшілері жүктелген міндеттерді лайықты орындап шықты. Біз үйге жақсы көңіл-күймен оралдық. Алты ай ішінде кейбір әскери қызметшілеріміздің отбасында сәбилер дүниеге келді, – дейді бітімгерлік бөлімшесінің командирі капитан Фархат Ақбалиев.

Жақында Ливан Республикасынан келген бітімгерлердің орнына ҚР Қарулы күштерінің оныншы бітімгерлік контингенті аттанды. Естеріңізге сала кетейік, БҰҰЛУК миссиясына қазақстандықтар 2018 жылдың қазан айынан бастап қатысып келеді. Осы уақыт ішінде 500-ден астам әскери қызметші Ливанда қызмет етіп, қажетті тәжірибе жинай алды.

Источник: dknews.kz