үй Қазақстан жаңалықтары Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтудің жаңа заңнамалық шаралары...

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтудің жаңа заңнамалық шаралары түсіндірілді

0

358 Awrora

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Департамент қызметкері А. Галеева қатысушыларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасының негізгі міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамадағы соңғы новеллалар туралы айтып берді.

Концепцияда белгіленген міндеттердің бірі жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру болып табылады. Осы қағидатты іске асыру шеңберінде «integrity check» — парасаттылыққа тексеруді енгізу тетігін әзірлеу, негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу, шығыстардың алынатын кірістерге сәйкестігі үшін декларацияларды тәуекелге бағдарланған бақылау жүйесін іске асыру, «follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеу институтын енгізу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, сондай-ақ пара ұсыну/параны уәде ету үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу көзделген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 қаңтарынан бастап жаңа заңнамалық өзгерістер енгізілді, оған сәйкес негізсіз байыту үшін мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі көзделген. Бұл норма лауазымды тұлғалардың кірістері мен шығыстарын бақылауға мүмкіндік береді. Енді бұл адамдарды мемлекеттік органның немесе ұйымның тәртіптік комиссиясының ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартуға, қызметтен босатуға немесе басқа лауазымға ауыстыруға болмайды.

Соңында спикер төтенше жағдайларда қалған адамдардың өмірі өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсібилігі мен моральдық-адамгершілік қасиеттеріне байланысты екенін атап өтті. Сондықтан қызметтік борышты орындау кезінде сатылмаушылық пен жауапкершілікті көрсету қажет.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version