үй Қазақстан жаңалықтары БҚДА Яндекс.Таксиді айыптады ...

БҚДА Яндекс.Таксиді айыптады Кеше, 14:48

0

"Яндекс таксиге" қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото ©РИА Новости

«Яндекс таксиге» қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, БАҚ беттерінде жүргізушілер мен тұтынушыларының жасаған мәлімдемелерін назарға ала отырып, Яндекс.Такси таксомоторлы агрегаторына қатысты сот процестеріне байланысты Яндекс.Таксиге қатысты тергеу тоқтатылған.

Агенттік 2022 жылы 2020-2021 жылдар кезеңінде таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің тауар нарығына талдау жүргізген.

Талдау нәтижелері бойынша, Яндекс.Такси нарығының үлесі Алматы қаласы бойынша 2020 жылы — 83,78 пайыз, 2021 жылы – 84,34 пайыз болған. Астана қаласы бойынша 2020 жылы — 60,7 пайыз, 2021 жылы 67,3 пайыз. Яндекс Такси сервис қызметі туралы ақпарат беруден жалтарып, талдау жүргізуге кедергі келтірген, бұл сот талқылауларының нәтижелері бойынша расталды.

Талдау нәтижелері бойынша Яндекс.Такси 2 жыл немесе одан да көп уақыт бойы тұрақты өскенін анықталып, осылайша аталмыш нарықтағы тауар айналымының жалпы жағдайларын бақылауға және айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік алғандығы анықталды.

Осыған байланысты, жүргізушілер мен сервис тұтынушыларының көптеген шағымдары бойынша Яндекс. Таксиге қатысты монополияға қарсы жоғары бағаларды белгілеу рәсімдері бойынша монополияға қарсы тергеу басталған еді.

Яндекс.Такси комиссиясының мөлшері нарықтағы ең жоғары деңгейде және ҚҚС есебімен 17 пайыз — дан басталады. Яндекс.Таксиден басқа жүргізушілерден серіктестер такси парктерінен 4 пайыз комиссия алады.

Бұл жағдайлар такси қызметтері құнының жалпы қымбаттауына алып келеді және сервис жүргізушілеріне шамадан тыс жүктеме әкеледі. Алайда, Яндекс.Такси тергеуді бастау туралы монополияға қарсы органның бұйрығына шағымданды.

Бірінші сатыдағы сот шешімінен сот зерттеген мән-жайлар мен заңнама нормаларының жиынтығы монополияға қарсы органның бұйрықты қабылдау жөніндегі іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігін дәлелденді. Мұндай жағдайларда Яндекс таксидің монополияға қарсы органның әрекеттерін заңсыз деп тану бөлігінде талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға жататынын, өйткені сотта бұйрықты қабылдау кезінде жауапты тарапынан қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер белгіленбеген.

Бірақ, сот тауар нарығын талдаудың 2022 жылғы кезеңінде болмауына байланысты тексерілетін кезеңнің бір бөлігін жою туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган 2022 жылға арналған тауар нарығына талдау жүргізуде, алайда Яндекс. Такси қайтадан уәкілетті органның заңды талаптарын орындаудан жалтарып, қажетті ақпаратты бермей келеді, бұл агрегатор тарапынан монополияға қарсы іс жүргізудің қасақана кешіктіріліп жатқанын көрсетеді.

Осыған байланысты, Яндекс таксиге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version