үй Қазақстан жаңалықтары БҚО прокурорлары инвесторға мемлекеттен қарыз алуға көмектесті

БҚО прокурорлары инвесторға мемлекеттен қарыз алуға көмектесті

8
0

228 rob

БҚО прокурорлары инвесторға мемлекеттен қарыз алуға көмектесті

Фотосурет: Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы сүт-тауар фермасын кеңейту жобасын жүзеге асырып жатқан «Ringo-Milk» ЖШС инвесторына көмектесті, передает DKNews.kz.

Инвестор бүгінгі күнге 5,9 млрд теңгеге инвестиция салған.

Өндірісті кеңейту үшін инвесторға мемлекеттік несие қажет болды, алайда оған берілген жоқ.

Мемлекеттік комиссия инвестордың бұрын алған кредиті бойынша берешектің болуына байланысты қаржылдандырудан бас тартты.

Облыс прокуратурасының Фронт-офис алаңында ЖШС-тің берешегі жоқ, ал өтеу үшін қаражаты бар екендігі анықталды. 

Прокуратура араласқаннан кейін шот бұғаттан алынып, инвесторға асыл тұқымды аналық ірі қара малдың қосымша 400 бас, сауын жабдықтарын, жемшөп базасына суару жүйесін сатып алу және ауыл шаруашылығы жануарларына арналған қосымша үй-жайлар салуға мемлекеттік несие беру туралы шешім қабылданды.

Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда.

Егер Сіз инвестор болсаңыз және Сізде жобаны іске асыруда проблемаларыңыз болса, прокуратура қызметкерімен байланысып, прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы (байланыс нөмірі +7-747-777-07-66) немесе Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Фронт-офисі (Ж. Молдағалиев көшесі №23) арқылы құқықтық кеңес ала аласыз.   

Источник: dknews.kz