үй Қазақстан жаңалықтары Бақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды

Бақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды

11
0

209 rob

Бақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды

Фотосурет: gov.kz

Қазақстан президенті Бақыт Әбілдиновті ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары етіп тағайындау туралы өкімге қол қойды.

Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды Akorda

Бақыт Әбілдинов 1975 жылы 8 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы «Тұран» университетін, 2006 жылы Еуразиялық нарық институтін бітірген.

Еңбек өтілі

2000 ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитеті инспекторының м.а.;

2000ж. – 2005ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторының м.а., салық инспекторы, жетекші салық инспекторы;

2005ж. – 2007ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы;

2007ж. – 2008ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Қапшағай қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, бөлім басшысы;

2008ж. – 2014ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитеті Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің жетекші маман – жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторы, Алатау ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Ауэзов ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасының бөлім басшысы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы, басқарма басшысы.

2014ж. — 2015ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бөлім басшысының м.а., бөлім басшысы.

2015ж. – 2021ж. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2021 жылдың 21 қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2022 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

 

Источник: dknews.kz