226 rob
Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі
«Нұрби» үлгілі хореографиялық ансамблінің жетекшісі Нұрлан Мұхатаев бес жылдан астам уақыт бойы қарт қарағандылықтарды тегін билеуге үйретіп келеді, ал жарты жыл бұрын ерекше балалармен де айналыса бастаған, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ол өзінің тәрбиеленушілері үшін Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде сабақ өткізеді.
Нұрлан Мұхатаев өз ісінің майталманы. Ол биге барлық жас және ауру бағынатындығын дәлелдеген санаулы адамдардың бірі. Биыл оның үлгілі «Нұрби» хореографиялық ансамблі 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бүгінгі таңда Нұрланның жетекшілігімен бимен 3 жастан 80 жасқа дейінгі екі жүзден астам адам айналысады.
– Жалпы, мен алғашқы білімім бойынша режиссермін, театрда актер болып жұмыс істедім, циркте сайқымазақ болдым. Мен жүргізушімін, ән айтамын және билеймін. Әр түрлі жанрдағы әртіспін десе болады. 20 жыл бұрын мен өз ансамблімді құрдым, содан бері «Нұрби» – менің бүкіл өмірімнің басты туындысы, – дейді Нұрлан. – Бірнеше жыл бұрын маған зейнеткерлік жастағы әйелдер жүгінді, олар би үйренгілері келетінін айтты. Олармен ешкім жұмыс істегісі келмейді мыс. Мен олардың өтініштерін қабылдап, зейнеткерлерді жаттықтыруға бел будым. Бес жылдан астам уақыт бойы менің «қыздарым» түрлі байқауларда өнер көрсетіп келеді. Біз Грузияда, Қырғызстанда және көптеген республикалық байқауларда Гран-при жеңіп алдық. Репертуарымызда 10-ға жуық түрлі би бар.
Алты ай бұрын Нұрланға ерекше балалармен жұмыс істеу туралы ұсыныс түсті. Алдымен ол өзінің қабілеті жететініне күмәнданды, өйткені мұндай балалармен тәжірибе болмаған. Бірақ ұсыныстан бас тарта алмағанын айтады.
– Мен ерекше балалардың кейбір ата-аналары балаларын үйірмеше апару үшін ақша төлейтінін білдім. Әрине, әркім мүмкіндігінше ақша табады, бірақ ерекше балалардан ақша алу менің ойымша дұрыс емес. Мен байқап көрейін деп, келістім. Алдымен маған бір қыз келді. Содан кейін тағы бір қыз қосылды. Енді бұл тобымда төрт биші бар. Мен ұжымды «Шуақты балалар» деп атадым, – дейді хореограф. – Қыздар өте жақсы, еңбекқор. Бірақ мен қатал жаттықтырушымын, және, бәлкім, осылайша олардың көңілінен шыққан шығармын, олар мені тыңдайды. Жаңа жыл қарсаңында біз С. Сәпиев атындағы бокс орталығында «Қарлығаш» биімен өнер көрсетіп, Гран-при жеңіп алдық.
Қазір қыздар екінші биді үйренуде. Олардың ата-аналары балалардың жиналып, бимен қуана айналысатынын атап өтті. Олар жаттықтырушыға балаларына берген уақыты мен білімі үшін алғыс айтады.
Источник: dknews.kz