үй Қазақстан жаңалықтары Бас Прокурор Түркістан облысында болды

Бас Прокурор Түркістан облысында болды

21
0

115 Арман

Бас Прокурор Түркістан облысында болды

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың қатысуымен Түркістан облысы прокуратурасының жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

2018 жылдан бастап Түркістан облыс орталығы мәртебесіне ие болды. Бұл қаланың тарихи маңыздылығы жоғары. Бұл түркі жұртының – алтын бесігі, Ұлы Жібек Жолының – жүрегі.

Мемлекет басшылығының қолдауымен бұл ежелгі қала танымастай өзгерді және мыңдаған туристер ағылатын туристік орталыққа айналды.

Сондықтан өңірдің тұрғындары мен қонақтары үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті, қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету барлық құқық қорғау органының басты міндеті болып табылады.

Қадағалау қызметін тиісті түрде жүзеге асыру үшін облыс әкімдігінің қолдауымен қаланың сәулеттік келбетіне үйлесімді жаңа прокуратура ғимараты салынды.

Облыс прокуратурасы ұжымын осы оқиғамен құттықтай отырып, Бас Прокурор ведомство алдында тұрған негізгі міндеттерге және Мемлекет басшысының тапсырмаларына тоқталды – бұл азаматтар мен бизнестің құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау.

«Облыс прокуратурасының қызметкерлері өңірдегі заңдылық ахуалын сақтауға, қоғам өмірінің барлық саласында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге барынша күш салатынына сенімдімін. Бұл үшін барлық жағдай жасалған» Берік Асылов

Источник: dknews.kz